Нидерландыдағы Mijl Van Mares Werkploeg мекемесінің тұрғындары Гиннестің рекордтар кітабына енген. Себебі, олар ұзындығы 35,79 метр болатын велосипед ойлап тапқан.
Голландиялықтар велосипедтің алдыңғы және артқы дөңгелектерін мотоциклден алып, оларды алюминилик ферм көмегімен біріктірген.
Құрастырушылардың айтуынша, велосипедтің сыртқы бейнесі маңызды рөл атқармайды, өйткені ол нағыз жұмысқа арналған велосипед.