Ауа райы: Алдағы күндері еліміздің аймақтарында күн суытып, тұман түседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауа райы: Алдағы күндері еліміздің аймақтарында күн суытып, тұман түседі

27.11.2015
Ауа райы: Алдағы күндері еліміздің аймақтарында күн суытып, тұман түседі

Поволжье аймағындағы қалыптасқан циклон сағатына 80 км жылдамдықпен белсенді ағымдар арқылы Батыс Сібірге бет алады. Ал, онымен байланысты атмосфералық ағымдар Қазақстан арқылы өтеді де аймақта қар түсіп, жауын-шашын да болады. Жолда көктайғақ болып, тұман түседі.

Сондай-ақ Шығыс Еуропаның аймағынан 28-қарашада еліміздің батыс аймақтарында суық атмосфералық ағымдарды антициклон алмастырады және ол көктемнің соңғы күндерінде республиканың шығыс аймақтарына жетеді. 

Антициклонның шығысқа қарай бет алуына орай, жауын-шашын аз түсе бастайды. Сондай-ақ ауа температурасы да төмендейді, деп хабарлайды Қазгидромет. 

Хабарламаларға жазылу