Ғалым Асыловтың режиссерлігімен «Супер той» атты фильм жарыққа шықпақ (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғалым Асыловтың режиссерлігімен «Супер той» атты фильм жарыққа шықпақ (ВИДЕО)

27.11.2015
Ғалым Асыловтың режиссерлігімен «Супер той» атты фильм жарыққа шықпақ (ВИДЕО)

Кезінде тойларда фотограф болып жұмыс істеген Ғалым Асылов енді өзін кино саласында да сынап көрмек. Жуырда оның режиссерлігімен «Супер той» атты фильм жарыққа шықпақшы.

«Туындыны қаңтар айында көретін боласыздар. Тамаша актерлік құрамымыз бар.

Комедия - ең күрделі жанр. Адамды күлдіре отырып, сол оқиғаға сендіру қиын. Алайда, жұмысқа жан-тәніңмен кіріссең, одан жақсы дүние шығатынына сенімдімін», дейді режиссер.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан»  көріңіз. 

Хабарламаларға жазылу