ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаева кәсіпкер әйелдерді жекешелендірудің екінші толқынына белсенді қатысуға шақырды.
Бұл туралы ол Астанада өтіп жатқан әйелдердің еуразиялық форумында мәлім етті.
«Қазір жекешелендіру жарияланды. Екінші толқыны басталады. 90-шы жылдары әйелдердің кәсіпкерлік қозғалысы болмады десе де болады. Оған әйелдердің қатысуға мүмкіндігі жоқ болатын. Сондықтан қазір әйелдерге осы жекешелендіруге қатысып, өз үлестерін алып қалуға шақырамын», - деп атап өтті ол.
Вице-премьер жекешелендіру аясында әлеуметтік салалар бойынша мемлекетпен қарым-қатынасты ұлғайту қажеттігін атап өтті.
«Бүгінде елдегі әлеуметтік инфрақұрылымдар мемлекет иелігінен шығарылады. Бұл - балабақшалар, емxаналар мен ауруxаналар, мектептер мен басқа да мекемелер. Сондықтан оқиғаларды мұқият қарап жүріңіздер. Әлеуметтік сала - адамның «анасы» іспеттес. Туғаннан қайтқанға дейін адамға қызмет етеді. Әйелдерсіз ол инфрақұрылымдар қалай дамымақ?! Меніңше, ол мекемелерді басқару тек әйелдердің қолынан ғана келеді», - деді Д. Назарбаева.