Қызылордада ақпараттық-ресурстық орталық ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада ақпараттық-ресурстық орталық ашылды

10.04.2018

Қызылордада үкіметтік емес ұйымдарға арналған ақпараттық-ресурстық орталық ашылды. Бұл жерде мемлекет пен азаматтық институт өкілдері жүзеге асыратын қоғамдық жобалар талқыланады, сондай-ақ, түрлі оқу семинар-тренингтер өтеді.  

Қажет жағдайда құқықтық кеңес алуға болады және интернет ресурстарын пайдалануға мүмкіндік бар. Қазір өңірде мыңнан астам үкіметтік емес ұйым жұмыс істейді. Олар демократиялық процестердің дамуына, түрлі   әлеуметтік топтардың  құқықтары мен  мүдделерін  қорғауға, жалпы қоғам  өміріндегі  проблемалардың  оң шешілуіне белсенді  қатысып,  өз үлестерін қосуда.   

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу