Еңбек Ері, даңқты күрішші Сәлима Жұмабекова - 80 жаста.
Сәлима Жұмабекованың еңбек жолы соғыстан кейінгі қиын жылдарда басталды. Ол өз замандастары сияқты ерте есейді. Буыны қатпай тұрып, масақ терді, сиыр бақты, сауыншы болды.
Ол жылдары Қармақшы ауданы күріш өсіруді қолға алған еді. Алпысыншы жылдары егіс көлемі ұлғайған тұста диқан қолына кетпенін алып, егістіктің басынан табылды.
11 құрсақ көтерген ана балаларын да диқаншылыққа баулыды. Білгені мен түйгенін әркез жастарға үйретіп келеді.
Сәлима Жұмабекованың Сыр маржанын терудегі еңбегі мемлекет тарапынан да ескерусіз қалмады. 2000 жылы Елбасының Жарлығымен «Ғасырдың батыр анасы» атағы берілді. Ал, биыл Қызылорда облысында күрішшінің 80 жылдығы кеңінен аталып өтті. Көрсетілген құрметтің бір парасы ретінде облыста күріштің бір сортына «Сәлима» есімі берілді.
Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.