Жезқазған – Бейнеу, Арқалық – Шұбаркөл теміржол желісінде екі мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жезқазған – Бейнеу, Арқалық – Шұбаркөл теміржол желісінде екі мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды

23.11.2015
Жезқазған – Бейнеу, Арқалық – Шұбаркөл теміржол желісінде екі мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды

Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Ақтөбе мен Маңғыстау облыстарының адам аз тұрақтайтын аумақтарында темір жолдар төселді. Аудандардың шалғайда орналасуы мен инфрақұрылым нысандарының салынбағандығын ескересек, болат магистральдар аймақтарға жаңа дем беріп отыр.

Жезқазған – Сексеуіл, Бейнеу – Шалқар учаскілерінде 18 бөлім бекеті мен Арқалық – Шұбаркөл желісінде 7 станция пайдалануға берілді.  Теміржол инфрақұрылым нысандарында 2 мың 153 адамға жұмыс орны ашылды. Бүгінде 1 мың 464 адам жұмысқа  қабылданды.

Қазіргі уақытта Жезқазған және Қазалы электрмен жабдықтау дистанциясы, Сексеуіл және Арқалық жол дистанциясы жасалуда.

Шалқар, Құлсары, Жаңаарқа, Қосмұрын, Қазалы белгі беру және байланыс дистанциясының қызмет көрсету шекарасы кеңеюде, деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» Ұлтық компаниясының баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, қолданысқа берілген бұл темір жолдар Солтүстік – Оңтүстік, Шығыс - Батыс арасындағы жүк ағынын оңтайландырады. Жаңа темір жолдар мемлекетіміздің транзит әлеуетін арттырып қана қоймай, Орталық және Батыс Қазақстанның дамуына, аудандардың экономикалық белсенділігіне өз үлесін қоспақ.  

 

 

  

 

Хабарламаларға жазылу