«Арқалық-Шұбаркөл» теміржол желісі 600 адамды тұрақты жұмыспен қамтуға мүмкіндігі бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Арқалық-Шұбаркөл» теміржол желісі 600 адамды тұрақты жұмыспен қамтуға мүмкіндігі бар

04.10.2014
«Арқалық-Шұбаркөл» теміржол желісі 600 адамды тұрақты жұмыспен қамтуға мүмкіндігі бар

Жаңадан іске қосылған «Арқалық-Шұбаркөл» теміржол желісінің 200-ден астам жұмысшысы Қостанай облысының тұрғындары.

Теміржол құрлысы басталған күннен Арқалық станциясының тірлігі қызды. Істейтін жұмыс та көбейді, соған сай жұмысшылар саны да артты.

Тек жұмыссыздықты азайтып қоймай, жаңа желі тура мағынасында Арқалықтың тірлігін тұйықтан алып шықты – дейді мамандар. Енді пойыздар айналып жүріп әуреленбей төте тартатындықтан  тасымалданатын тауарлардың бағасы да төмендейді.

Әзірге жаңа желімен тек бір жұп пойыз қатынап жатыр. Келешекте олардың санын 10-ға дейін жеткізу жоспарланған.

Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу