Ұйқы тәртібі ағзаға не үшін қажет?
Адам өмірінің үштен бір бөлігін ұйқымен өткізеді. Бұл кезде ағза демалады. Жүйке жүйесінің қызметі мен тынысы реттеледі. Қуат жинап, адам денсаулығы қалпына келеді.
Демалуға қандай жағдай жасалу қажет?
- Ұйықтар алдында бөлмені желдету керек;
- Бөлме температурасы (20-21 С) қалыпты болғаны жөн;
- Ыңғайлы қалыпта жату қажет.
Кейбір адамдардың ұйықтау кезінде үйреншікті кейіпте жатуы - ағзаға кері әсерін тигізеді.
Мысалы, қан тамырлары ауруларын тудырып, несеп-жыныстық жүйесінің қызметі, асқазанның жұмысы бұзылуы мүмкін.
Бұл туралы дәрігерлерлердің пікірі қандай?
Мамандар сол жақ бүйірмен жатпауға кеңес береді. Бұл тыныс алу жүйесін бұзып, жүрекке салмақ түсіреді.
Ұзақ уақыт ішпен жатуға да болмайды. Себебі мидың мойын бөлігіндегі тамыры қысылады. Сондай-ақ, бетке әжім түседі.
Ішпен жатуға бола ма?
Мұндай сұрақты көпшілік түсінбеуі мүмкін. Себебі адамдардың көбі ішпен ұйықтауды әдетке айналдырған.
Алайда мамандар орталық жүйке жүйесі аурулары, жүрек сырқаты, жүрек-қан тамырлары жүйесінің ауруына шалдыққандарға ішпен жатуға тыйым салады.
Ең тиімдісі - арқамен немесе оң жақ бүйірмен жату.
Не үшін жүктілік кезінде ішпен жатуға болмайды?
Жүктілік кезінде ішпен жату қаншалықты қауіпті?
Мамандар алғашқы триместрден-ақ ішпен жатпауға кеңес береді. Бұл кезде нәресте кішкентай болғанымен, оған қысым жасалуы мүмкін.
Сондай-ақ, гинеколог-мамандар бұл болашақ ана мен сәби денсаулығына кері әсер ететінін айтады (мысалы, бала тұншығуы мүмкін).
Сонымен қатар, болашақ аналар нәрестенің тыныс алу және жүйке жүйесі қалыптасатын соңғы триместрде өте мұқият болу керектігін айтады.
Ішпен жатудың салдары:
- Мойын бөлігіндегі күре тамыр қысылып, миға қан жүрмеуі мүмкін;
- Егер жастық биік болса, миға қан бармай, оттегі жетіспеушілігі туындайды;
- Тыныс алу жүйесі бұзылады;
- Бет терісіне әжім түседі;
- Сүт бездері қысылып, оянған соң адам өзін жайсыз сезінуі мүмкін;
- Несеп-жыныстық жүйесінің қызметі бұзылады.
Сондықтан ғалымдар мен мамандар ішпен ұйықтамау керектігін айтады.
Интернет материалдары бойынша әзірленді
ФОТО: www.bienhealth.com