Ауа райының тез құбылуына (желдің шамадан тыс күшеюі, құйын, дауыл, және ауа температурасының ауытқуы) жаһандық жылыну әсер етіп жатыр. Ұлыбритания ғалымдары осылай дейді.
Экологтардың зерттеуінше, 2015 жылда ауаның орташа температурасы 1 градусқа жоғары көтерілген.
«Егер ауаның орташа температурасы 2 градус Цельсийге көтерілсе, ауа райы да, тіпті, георафия да өзгереді», дейді ғалымдар.
Сондай-ақ, экологтардың айтуынша, жаһандық жылынудың салдарынан Жер бетінде құрғақшылық, су тасқыны сынды табиғи апаттардың болуы көбейіп кеткен.