Жеңіл салмақта бақ сынайтын қазақстандық кәсіпқой боксшы Бекман Сойлыбаев (6-0-0, 3КО) кезекті жекпе-жегін 12 желтоқсанда Киев (Украина) қаласында өткізетін болды.
Бекман Сойлыбаевтың бұл жолғы қарсыласы 26 жастағы грузиялық боксшы Кахабер Аветисян. Аветисян кәсіби бокста 74 кездесу өткізіп, 41 кездесуінде жеңіске жетіп (23 нокаут), 32 кездесуінде жеңіліс тауып, 1 кездесуін тең аяқтаған.
Айта кетейік, Бекман шығатын кештің басты жекпе-жегінде украиналық Александр Усик (8-0-0) пен кубалық Педро Родригес (22-1-0) кездеседі.