Зілзаладан зардеп шеккендер жоқ.
Бұл туралы осы елдің Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасай отырып, ТАСС агенттігі хабарлайды.
«Әзірге тек 5 үйдің ғана зардап шеккені туралы мәлімет бар. Оқиға болған аймақта арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Жер сілкінісінің зияны тиген аймақтың көлемі анықталуда. Кешкісін нақты мәліметтер болады қолымызда»,-деп мәлімдеді министрлік өкілдері.
Әзірге зілзаладан зардап шеккендер туралы мәліметтер жоқ.
Қырғызстанның оңтүстігіндегі Ош облысында бірнеше мәрте жер дүмпуі болды, олардың ең қуаттысы 5,6-5,7 магнитудалық. Зілзаланың ошағы Ош қаласынан 35-45 км қашықтықта болды.