Бұл байқау оқушылардан бастап студенттермен кәсіпорын қызметкерлерінің басын біріктірген. Аталмыш байқау «Оқушылар арасындағы үздік инновациялық жоба», «Үздік ғалым», «Кәсіпорындағы үздік өнертапқыштық жүйе», «Үздік өнертапқыштық шешім» аталымдары бойынша өтті.
Сонымен қатар, журналистерге арналған тренингтер ұйымдастырылып, үздік радиобағдарламалар мен сюжет авторлары анықталған.
Аталмыш шарада «Астана» радиосының қызметкері Гүлдерай Кемелова «Орыс тіліндегі ең үздік радиобағдарлама» аталымы бойынша жеңімпаз атанды.
Енді инновация тақырыбын баяндайтын 9 журналист Ұлыбританияға танымдық саяхатқа барады. Қазақстандық журналистер делегациясы дүниежүзілік БАҚ редакцияларының жұмыстарымен таныспақ.