Келесі жылы «Қазақ елі» анимациялық фильмі көрермендеріне жол тартады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Келесі жылы «Қазақ елі» анимациялық фильмі көрермендеріне жол тартады

11.11.2015
Келесі жылы «Қазақ елі» анимациялық фильмі көрермендеріне жол тартады

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Ақтоты Райымқұлова осылай мәлім етті.

«Қазіргі уақытта «САҚ» киностудиясы Қазақстан хандығының 550 жылдығына арналған «Қазақ елі» атты 1 сағаттық толықметрлі анимациялық фильмі бойынша жұмыс істеуде. Оның жалпы көркемдік шешімі, кейіпкерлерінің келбеті мен эмоциялық көрінісі, негізгі көріністер бойынша музыкалық партитурасы толық аяқталды», - деді А.Райымқұлова.

Белгілі болғандай, кейіпкерлердің сюжет бойынша қимылдары, фондық дыбыстар, актерлік дыбыстау, көріністерді 3D әдісіне жобалау мен құрастыру, реңдерді келтіру секілді шығармашылық және техникалық жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жоспар бойынша 10 желтоқсанда бұл анимациялық фильм толық аяқталады деп жоспарлануда. 2016 жылғы қаңтарда «Қазақстан» телеарнасында оның тұсаукесері өтеді деп күтілуде», - деді А.Райымқұлова.

Атап айтқанда, анимациялық фильмді әлемдік прокатқа шығару жөнінде шетелдермен келіссөздер жүргізілуде.

Жобаның режиссері - Батырхан Дәуренбеков, көркемдік кеңесшісі - Дулат Исабеков, продюсері - Сәбит Әбдіқалықов, сценарий авторы - Сағаділдә Үсіпәлиев.

Хабарламаларға жазылу