18 қазаннан бастап елімізде «Мұзбалақ» анимациялық фильмі көрермендерге жол тартады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

18 қазаннан бастап елімізде «Мұзбалақ» анимациялық фильмі көрермендерге жол тартады

15.10.2018

Бүгін анимациялық фильмнің режиссерлері Тұрдыбек Майдан және Тілек Төлеуғазы Алматы студиясының қонағы болды.

«Қазақта бүркіттің 20 жасқа дейін атаулары болады. Мұзбалақ - 5 жасар бүркіттің атуы. Бұл қыран құстың нағыз мұзтебер кезі.  Бүркітті алғаш қолға үйреткен қазақ деп жатады. «Мұзбалақ» фильмі бүркіт пен адамның достығы, өзара сенімділігі, адалдығы туралы.

Туындыны түсіруге екі жыл уақыт кетті. Жобаға қатысқандардың барлығы қазақтың жас, талантты мамандары. Бұл әрине, қуантады. Қазақстанның әр қаласынан 40-тан астам маман тартылды.

Рөлдерді сомдауға  театр, кино мамандары шақырылды. Одан басқа, арнайы 4 саундтрек жазылды. Қыран құстың ішкі дүниесін әнмен көрсетуді жөн көрдік», - дейді қонақтар.

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу