Бұл туралы британиялық Sky News телеарнасы хабарлады.
Екі апта бұрын бет-аузы күс-күс болып кеткен 47 жасар Карлос Санчес де Салазараны саңырауқұлақ тере келген екі азамат кездестірді.
«Мен испандықпын, атым Карлос, мен мұнда 1997 жылдан бері тұрамын», деген ол өзінің төлқұжатын да көрсеткен. Дәрігер адамдар арасында тұрғысы келмегенін айтады. Алайда, ол қазір орманнан кетуді жөн санап отыр.
Тосканаға келген испандықтың отбасы Салазарды тауып алмақ болған, алайда, ол жоғалып кеткен. Ата-аналары құжаттағы суретке қарап, оны жазбай таныды. «Біз оның шешімі мен бостандыққа деген көзқарасын сыйлаймыз, бірақ, біз оны тағы бір рет құшақтамай кете алмаймыз. Мейлі, бұл тіпті біздің соңғы кездесуіміз болса да», - деді оның анасы.
Дәрігер өзінің Севильедегі үйінен 1995 жылы кетіп қалған және ол Тосканадағы географиялық облыс Мареммаға бет алған. Дәрігер бұл әрекетке өте терең күйзелістің салдарынан барған, деп хабарлайды Sky News телеарнасы.
14 жылдан соң оның тұрақты мекені туралы мәлімет жоқ болған соң, дәрігер түрде өмірден қайтты, деген ресми мәлімдеме жасалған.