Непалда жоғалып кеткен ұшақ табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Непалда жоғалып кеткен ұшақ табылды

17.02.2014
Непалда жоғалып кеткен ұшақ табылды
Непал билігі жексенбі күні жоғалып кеткен ұшақтың табылғанын хабарлады. Өкінішке қарай, оның ішіндегі 18 адамның барлығы қаза тапқан. Құтқару шараларына қолайсыз ауа-райы мен жергілікті жердің күрделі бедері кедергі келтіруде.
 
Ұшақтың құлаған жерін тапқан әскери тікұшақ апат болған жерге қона алмай, тек оның қайда екенін хабарлады. Құтқару топтары ол жерге автөкөлікпен әлі жете алмаған.
 
«Nepal Airlines» авиакомпаниясының ұшағында 15 жолаушы және 3 экипаж мүшесі бар болатын. Жолаушылар арасында Дания азаматы мен азаматтығы анықталмаған сәби бар деп хабарлануда. Непалдық ұшақтар талапқа сай болмағандықтан, оларға 2013 жылдың желтоқсанынан Еуропа Одағы елдеріне ұшуға тыйым салынған.

Хабарламаларға жазылу