Шарды ең тез жаратын ит
2011 жылы Анастасия атты австралиялық джек-рассел-терьер 100 шарды 44, 49 секундта жарып, Гиннестің рекордтар кітабына енді.
Аузына ең көп теннис добын сидырған ит
2003 жылы Augie атты ретвивер аузына 5 бірдей теннис добын сидырып, рекорд орнатты. Бұл сырт көзге оғаш көрінгенмен, әлі күнге дейін дәл бұлай аузын кере ашқандар табылмаған.
Суда ең ұзақ жүзген иттер
1995 жылы Стив Фишен өзінің екі иті Джипси және Каймен суда жүзбекші болады. Олар 6 сағатта 15,2 шақырымда жүзіп өтіп, Гиннестің рекордтар кітабына енді.
Ең тынымсыз экология қорғаушысы
Гилмор атты лабрадор Ұлыбританияда 26 мың дана пластикалық бұйымдарды жинап, экология қорғаушысы атанды. Ол зиянды қалдықтарды тауып қана қоймай, оларды сығымдап, иесіне апарып береді екен.
Алғашқы клон-ит
2005 жылы Оңтүстік Кореяда ауған овчаркасын клондау жөнінде эксперимент жүргізілді. Спуппи есімді күшікті лабрадор мен ретривер тұқымдары араласқан ит асырап-баққан. Ал, 2008 жылы Снуппи өзі донор болып, 10 клон-күшік туды. Осыдан бастап, Оңтүстік Кореяда кез келген итті клондауға ресми рұқсат етілді.
Ең семіз ит
1989 жылы англиялық мастифф Айкама Зобро ең толық ит ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді. Оның бойы – 94 сантиметр, салмағы – 155,58 келі болды.