Исмаил Кесижи – лондондық сән дизайнері. Бұған қосымша қоғамдық негізде Ұлыбританиядағы қазақ диаспорасына жетекшілік етеді. Шетелдегі қазақтардың басын біріктіріп, ұлттық құндылықтарды насихаттайды.
«Ана тіліміздің ұмытылуы әлемнің түкпір-түкпірін мекен еткен қазақтарға ортақ мәселе»,- дейді ол. Тілдік орта болмағандықтан және қазақтілді телеарналар кең таралмағандықтан, осындай жағдайға жетіп отырғандығын айтады.
Елден жырақта жүрсе де жүрегі елім деп соққан азаматтың отбасымен сұхбатты бүгін сағат 09:00-де көріңіз.