Қазақстандық төрешілер УЕФА CORE курсынан оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық төрешілер УЕФА CORE курсынан оралды

04.11.2015
Қазақстандық төрешілер УЕФА CORE курсынан оралды

Биыл бұл курс 28-рет ұйымдастырылды. Алғашқы кезең 5-14 мамыр күндері, екінші кезең 22-29 қазан аралығында өтті. Қазақстаннан Премьер-лига мен Бірінші лиганың бас төрешісі Данияр Сахи (Қызылорда), төрешілердің көмекшілері Юрий Тихонюк (Ақтөбе) және Сергей Калачев (Атырау) қатысты.

Қазақстандық төрешілер УЕФА-ның төрешілік саласындағы үздік фитнес-нұсқаушылары және мамандарының жетекшілігімен Швейцария футбол федерациясы және Франция футбол федерациясы аясындағы турнирлерде дайындықтан өтті. Екінші кезеңнің соңында фитнес-нормативтер мен ағылшын тілінен емтихандар тапсырылды. 

Төрелік ету және қадағалау департаменті курс аяқталғаннан кейін бас нұсқаушы Дэвид Эллерэйдің қолы қойылған УЕФА-ның ресми хатын алды.

Хабарламаларға жазылу