Латвия-Қазақстан матчына шотландиялық Стивен Маклин төрелік етеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Латвия-Қазақстан матчына шотландиялық Стивен Маклин төрелік етеді

13.10.2015
Латвия-Қазақстан матчына шотландиялық Стивен Маклин төрелік етеді

34 жастағы бас төреші 2010 жылдан бастап, УЕФА аясында өткізілетін матчтарда жұмыс істеп келеді.

Стивен Маклинге отандастары Грэм Стюарт пен Дэвид Макгичи көмектеседі. Төртінші төреші – Стюарт Стивенсон, қосымша төрешілер Кевин Клэнси және Дональд Робертсон.

Латвия мен Қазақстан құрамалары арасындағы матч 14 қазан күні Астана уақыты бойынша 00:45-те Рига қаласында «Сконто» стадионында басталады. Ойынды «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Хабарламаларға жазылу