Ұлттық инновациялар байқауына журналистерден 240-тан астам материалдар түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық инновациялар байқауына журналистерден 240-тан астам материалдар түсті

04.11.2015
Ұлттық инновациялар байқауына журналистерден 240-тан астам материалдар түсті

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, байқауға қатысуға ниет білдіргендердің басым бөлігін (100 өтініш) Астана қаласының тұрғындары құрап отыр. Екінші орында, Батыс Қазақстан облысы (34 өтініш) тұр, үздік үштікті Алматы қаласы түйіндеді.

Байқаудағы «Үздік телевизиялық сюжет» аталмынына қазақ тілінде 41 материал, орыс тілінде 19 материал келіп түскен. «Баспасөз бетінде жарияланған үздік материал» аталымына қазақ тілінде 67 материал, орыс тілінде 27 материал өткізілген. «Қазақ тіліндегі үздік интернет-материал-Үздік блоггер» аталымы бойынша қазақ ілінде 25 материал, орыс тілінде 41 материал тіркелген. Сонымен қатар, әділқазылар алқасына 26 раидиобағдарлама ұсынылған.  Олардың 19-ы қазақ тілінде болса, 7-уі орыс тілінде.

Естеріңізге сала кетейік, байқаудың шарттары бойынша, оған қатысатын материалдар индустриялды-инновациялық саясатқа қатысы болуы керек және қызықты инновациялық жұмыстарды, қазақстандық ғалымдардың еңбектерін  насихаттауға, балалар техникалық шығармашылығын дамытуға, стартап жобаларды танытуға бағытталуы тиіс.  

Байқаудың қорытындысы 12 қарашада Астанадағы Тәуелсіздік сарайында «Инновация апталығы» аясында өтетін «Қазақстан-жаһандық инновациялық хаб» атты халықаралық инновациялық форум барысында шығарылады. Осы күні байқау жеңімпаздары марапатталады. Ең үздік материалдың авторы 1 миллион теңге көлеміндегі Гран-при сыйлығын жеңіп алады. 

Байқау Инвестициялар және даму министрлігі мен Технологиялық даму жөніндегі Ұлтық агенттігі тарапынан инновацияға арналған тақырыптар туралы жазатын журналистерді қолдауға арналған.

 

Хабарламаларға жазылу