Нұрлан Жұманиязов пен Айнұр Бермұхамбетова – «Таңшолпанда» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұрлан Жұманиязов пен Айнұр Бермұхамбетова – «Таңшолпанда»

04.11.2015
Нұрлан Жұманиязов пен Айнұр Бермұхамбетова – «Таңшолпанда»

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, режиссер Нұрлан Жұманиязов Атырауда өткен Рахымжан Отарбаев атындағы Халықаралық театр фестивалінде «Ең үздік режиссер» аталымын иеленді.

Ал, актриса Айнұр Бермұхамбетованың еншісіне «Ең үздік әйел бейнесі» аталымы бұйырды. Бүгін өнерпаздар «Таңшолпанда» жағымды жаңалықтарымен бөлісті.

«Фестиваль жоғары деңгейде өтті.  Дағдарыс  кезінде мұншалықты үлкен той жасау қалай болар екен деген күдік болған еді менде.  Бірақ, залдың лық толғаны, халықтың әртістерге деген ықыласы ерекше»,-дейді Нұрлан Жұманиязов.

«Барғаннан аяғымызды жерге тигізбей ерекше құрметпен күтіп алды. Қазылар алқасында Асанәлі Әшімов, Есмұқан Обаев сынды ағаларымызбен қатар, халықаралық фестиваль болғандықтан, өзге де мемлекеттен келген сыншы, жазушы, драматургтер болды. «Ең үздік әйел бейнесі» Рақымжан Отарбаевтың «Нашақор жайлы новелла» атты шығармасының желісі бойынша Нұрлан ағамыздың «Көлеңкесіз жолаушы» атты қойылымындағы Кәмила рөлі үшін берілді. Туындыда Кәмила – тұрмыс тауқыметіне төзе алмай, теріс жолға түскен нашақорларға есірткі жеткізіп беретін кейіпкер. Мен үнемі жағымсыз кейіпкерімді ақтап алуға тырысамын. Әр қадамның өзіндік себебі бар»,-дейді актриса Айнұр Бермұхамбетова.

«Фестивальге сонау Моңғолия, Қырғызстаннан келген өнер ұжымдары қатысты. Олардың өнерін көрдік. Сонда түйгенім, біз өз жеңісімізге мастанып жүре бермей, үйрену керек, асу керек екен».

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу