Осы кеште А.Бочелли, Ф.Синатра, А.Чилинтано, М.Магомаев сынды классикалық музыка майталмандары мен қазақтың халық әндері және авторлық копозициялар орындалды.
Айта кету керек, осы күні залда аншлаг болды. Әдемі вокалды музыканы тыңдау үшін тек Ресейдің өнерсүйер қауымы ғана емес, сонымен қатар, қазақстандық елшілік өкілдері, диаспоралар мен студенттер шығармашылық саласының өкілдері келді.
«Еуразияның алтын дауысы» аталып кеткен Ержан Нұрғалиевтің ресейлік музыканттар Фарид Махмудов (фортепиано), Артем Гаваргиз (скрипка) сынды өнерпаздармен бірлескен әсіресе қазақ әндерінің орындаулары көрермендерді тәнті етті.
Кеште әсіресе Ержан Нұрғалиевтың орындауындағы қазақ және орыс мәдениетін сапалы музыка арқылы біріктіретін Тельман Нарымбаевтың «Ойлаймын мен» әні көрермендерді ерекше тебірентті.
«Бұл концерт менің өнер мен өмірге, мені қоршаған адамдарға деген музыка арқылы жеткізілген махббатымның көрінісі»,-деді Е.Нұрғалиев Confessa әнін орындаған соң.
Шараны Мәскеу басшылығы, Мәскеу ұлттар үйі, Гүлнар Исақова басқаратын Мәскеудегі Қазақ ұлттық-мәдени автономиясы ұйымдастырды.
Айта кетейік, Ержан Нұрғалиев – «неоклассика» жанрының белгілі орындаушысы. Оның концерттері елімізден басқа Еуропаның Испания, Италия, Македония, Сербия мемлекеттері мен Түркияда өткен. Ол қазіргі таңда жеке жобасы бойынша жұмыс істеуде және Ресейдің жетекші продюсерлерімен келіссөздер жүргізуде.