Ресейдің Петрозаводск қаласында әйгілі қазақстандық тенор - Ержан Нұрғалиевтің концерті өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейдің Петрозаводск қаласында әйгілі қазақстандық тенор - Ержан Нұрғалиевтің концерті өтеді

04.11.2015
 Ресейдің Петрозаводск қаласында әйгілі қазақстандық тенор - Ержан Нұрғалиевтің концерті өтеді

Өнерпаз жас осы уақытта әлемнің жетекші деген педагогтарынан тәлім-тәрбие алып, өз шығармашылығын жетілдіру үстінде. Сондай-ақ ол жеке өзінің әлемдік хит әнін дайындаумен айланысып жатыр.

Мәскеуде Ержанның өнеріне тәнті азаматтар оны «Еуразияның алтын даусы» деп атайды. Ал, интернеттегі «Шок», ол тіпті Адриано Чилинтаноның өзінен асып түсті», деген бейнеролик 4 млн-ға жуық көрермен жинаған.

Айта кетейік, Ержан Нұрғалиев Жамбыл облысының Махайловка ауылындағы үлкен отбасында дүниеге келген. Жастайынан өнерге бейім өскен Ержан вокалдан аты аңызға айналған әнші Надия Шәріповадан өзінің даусының өте срек кездесетін дауыс екендігін естіген соң өнерге біржолата бет бұрған.  

Бүгінде Ержан Нұрғалиев Мәскеуде тұрып жатыр және сонда жұмыс істейді. Ол Қазақстаннан тыс жерлерде  әлемдік хиттардың сол елдің тілінде орындау шеберлегімен ерекше бағаланады.  

 

 

 

Хабарламаларға жазылу