Ахмедия Есмұханов – ел арасына 200-ден астам әні тараған сазгер. Шығармашылығындағы жаңалықтарына тоқталған ол: «Қазір Айбек Мұхаметәлиев деген әншімен жұмыс істеп жатырмыз. Мұқағали Мақатаевтың «Алыста» деген өлеңіне бейнебаян түсірудеміз»,-дейді.
«Ерғожа ақынмен 2003 жылдан бері таныспыз, шығармашылық байланыстамыз. Біздің «Арайлы Астана», «Айзада», «Қарағанды» сынды бірқатар әндеріміз бар. Ерғожа – шыншыл ақын, сыршыл ақын. Мен де лирикпін. Бір-бірімізді жақсы түсінетініміздің сыры осы болар».
«Мен бұл кісінің әндерін, бұл кісі менің өлеңдерімді терең түсінеді. Бір өлеңге бірнеше ән жазып тастайтын ерекше қасиеті бар. Болашақта шығармашылық бірлестігіміз жалғаса бермек»,-дейді Ерғожа Тілепбердиев.
Әйгілі «Қарагөз» ансамблін қайта жандандырған Ахмедия Есмұханов ансамбльдің бүгінгі тынысы жөнінде ой бөлісті.
«Ансамбль қазір тығыз жұмыс істеп жатыр. «Қарагөз» деген альбом, екі бейнебаян жарыққа шықты. Мамыр айында Алматыда концерт қойдық. Халық әбден сағынған екен. Орындарынан тұрып, қол соқты».
Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.