Ресейде ұшақтың апатқа ұшырауына байланысты қаралы күн жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде ұшақтың апатқа ұшырауына байланысты қаралы күн жарияланды

31.10.2015
Ресейде ұшақтың апатқа ұшырауына байланысты қаралы күн жарияланды

Ресей Президенті Владимир Путин сенбі күні Мысырда ресейлік ұшақтың апатқа ұшырауына байланысты 2015 жылғы 1 қарашаны қаралы күн ретінде жариялау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Кремльдің баспасөз қызметінен.

«Қаралы күні ел аумағында РФ барлық туралы төмен түсіріледі. Мәдени мекемелер мен телерадиокомпанияларға ойын-сауық бағдарламаларын тоқтату ұсынылады. РФ үкіметіне Ресей Федерациясының мемлекеттік билік субъектілері органдарымен бірлесіп қаза тапқандардың отбасыларын көмек көрсету бойынша қажетті шараларды жүзеге асыру жүктеледі», делінген хабарламада.

Бұдан бұрын Путин апаттан ажал құшқандардың отбасыларына қайғырып көңіл айтқан еді.

Еске салайық, ресейлік «Когалымавиа» әуе компаниясының «Шарм-эш-Шейх - Санкт-Петербор» 9268 бағытындағы Airbus-321 әуе лайнері Мысырдан жергілікті уақыт бойынша сағат 6:21-де ұшып шығып, 23 минуттан кейін радар экрандарынан жоғалып кеткен. Әуе кемесінің бортында 217 жолаушы мен 7 экипаж мүшесі болған. Мысырдың Синай түбегінің орталығында апатқа ұшыраған ресейлік азаматтық ұшағының сынықтары табылды.

Ұшақтағы барлық жолаушылар мен экипаж мүшелері Ресей азаматтары. Ұшақ бортында 63 ер адам, 138 әйел мен 2-17 жас аралығындағы 17 бала болған, деп хабарлайды ТАСС.

Хабарламаларға жазылу