Жер шарындағы ең мықты адам кім? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жер шарындағы ең мықты адам кім?

31.10.2015
Жер шарындағы ең мықты адам кім?

Оның аты Жидрунас Савицкас болатын. Ол 17 жасында алғаш рет латвиялық «Сронгест мен» турнирінде өнер көрсетіп, 10-шы орынға табан тіреді.  

Жас жігіттің жетістіктері оны бұдан да үлкен биіктерге жетелей түсті. 1998 жылы Жидрунас күш-қуат экстримі бойынша алтынды жеңіп алды және оның осы жеңісі жас спортшының кеңінен танылуына ықпал етті.  

2001 жылы латвиялық күш-қауат иесінің спорттық жолындағы жетістіктері осымен аяқталуы мүмкін еді, өйткені ол өзінің тізесін қатты жарақаттап алды. Оны емдеуге 9 ай кетті. Дегенмен, Савицкас спорт аренасына қайта оралып, пауэрлифтингтен Литва чемпионы атанды.   

2002  жылдан бастап, 3 жыл қатарынан жеңіс жолында еңбек еткен литвалық чемпион беделді деген халықаралық World’s Strongest Man сайысында жеңімпаз атанады.   

Ол содан кейінгі 6 жыл бойы «Арнольд Классик» дәрежесіндегі күш-қуат экстримі бойынша өзінің «ең мықты» деген атағын ұстап тұрды. 2009 жылы биржайлық жігіт World’s Strongest Man  жарысының ең биік деңгейіне қол жеткізіп, оған ресми түрде «Ғаламның ең мықты адамы» атағы берілді.    

Бұл атаққа лайықты екенін ол 2010 және 2012 жылы да дәлелдеді. Жер шарында өзіне тең келетін адам жоқ екенін ол 2014 жылы тағы да дәлелдейді.   

Чемпионның жеңістерінің арасында пауэрлифтинг бойынша Гинестің рекордтар кітабына енген 20-ға жуық жетістіктері де бар.  

Интернет материалдарынан

 

 

 


 

Хабарламаларға жазылу