Шымкентте «Достық дастарханы» атты палау фестивалі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте «Достық дастарханы» атты палау фестивалі өтті

27.10.2015
Шымкентте «Достық дастарханы» атты палау фестивалі өтті

Байқауға жас ерекшелігіне шектеу қойылмаған аспаздар қатысып, өзбек халқының ұлттық тағамының нақ нұсқасын әзірлеп көпке ұсынуға тырысты.

Ұлттық тағамды насихаттау сайысы биыл 5-рет ұйымдастырылды. Мұнда «Алғашқы махаббат», «Алтын тағам», «Той палауы» сынды түрлі атпен 26 қазанға палау дайындалды. Оның ішінде «Ташкент палауын» мектеп оқушылары, жасы небәрі 12-ге толған жас аспаздар дайындаған.

Сайыс нәтижесі бойынша, Гуламжан Ғаниев жеңімпаз атанды. Жеңімпазға 30 мың теңгенің сый-тартуы табысталды. Жүлделі екінші орынды Азада Тешебаева пен Шакір Заидов өзара бөлісті.

Ал, жүлделі үшінші орынды Насибулла Халилов пен Дәулет Миррахимов және Ұлықбек Халметов қанағат тұтты.

Хабарламаларға жазылу