Үндістандық Рамаджит Рагав 94 жасында әке атанған. Ол 2011 жылы әлемдік рекордтар тізіміне енген.
Ең қарт «жас» әке Үндістанның астанасынан 70 километр жердегі Харкода ауылында тұрады.
Оның жұбайы Рамаджита Шакунтала үшінші мәрте ана атанған. Баланы босанған кезде ол 48 жаста болған екен.
Рамаджита Шакунтала 34 жасында екінші рет Рамаджит Рагавке тұрмысқа шығуға мәжбүр болған. Себебі Үндістанда ата-аналар балаларына қалыңдықты өздері таңдайды. Жастардың тек 10 пайызы ғана бірін-бірі сүйіп қосылады.
Бүгінде олар жағдайы нашар кішігірім үйде тұрады. Алайды бұған еш уайымдамайды. Фермерлік шаруашылық пен кішкентай ұлдарының тәрбиесінен қолдары босамайтыны соншалық, күнтізбеге де қарамайды.