Әлемдегі ең қарт клоун қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемдегі ең қарт клоун қайтыс болды

01.10.2014
Әлемдегі ең қарт клоун қайтыс болды

Әлемдегі ең қарт клоун Creeky АҚШ-та 98 жасқа қараған шағынды қайтыс болды. Бұл туралы Риа жаңалықтары хабарлайды.  

Флойд Крикмор 1916 жылы 14 шілдеде Монтана штатының Фергюс Каунти аймағында дүниеге келген. Ол 2012 жылы 95 жасында ең қарт клоун ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген болатын.

Қарт клоун 98 жасқа қараған шағында АҚШ-та өз үйінде жүрек талмасынан қайтыс болған, деп жазады Ассошиэйтед Пресс басылымы.

Флойд Крикмор көп уақытында ранчода жұмыс істеген. Цирктегі қызметін ол 1981 жылы цирктік труппаға келгеннен соң бастаған.

Ал оны 1993 жылы Халықаралық клоундар Ассоциациясы International Shrine Clown Association (ISCA) жыл клоуны деп атады.

Сурет:  surfingbird.ru.

Хабарламаларға жазылу