Астанада Ақмола облысы тауар өндірушілерінің ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Ақмола облысы тауар өндірушілерінің ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтуде

24.10.2015
Астанада Ақмола облысы тауар өндірушілерінің ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтуде

Ақмола облысының шаруалары дәстүрлі жәрмеңкеге жалпы құны 404 миллион теңге құрайтын 968 тоннаға жуық өнім әкелген. Жәрмеңкеде қала тұрғындары 70 – тен астам өнiм түрлерiн нарықтық бағадан 15-20 пайызға төмен сатып алуға мүмкіндік алды.

Қазақстан өңірлерінің қатысуымен өтетін ауылшаруашылық жәрмеңкелері осымен алтыншы жыл қатарынан өткізіліп келеді. Биылғы маусым 22 тамызда «Мега» ОСО алдындағы алаңда басталған болатын.

Әр демалыс сайын еліміздің облыстары мен қалаларынан келген тауар өндірушілер елордалықтарға өздерінің үздік өнімдерін ұсынды. Астана әкімдігінде атап өткендей, мұндай жәрмеңкелер дәстүрлі және келесі жылы да жалғасын табады. 

Хабарламаларға жазылу