Алматыда «Жұлдыз» базарында өрт шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Жұлдыз» базарында өрт шықты

23.10.2015
Алматыда «Жұлдыз» базарында өрт шықты

Өрт сөндіру қызметіне Розыбақиев көшесі мен Райымбек даңғылының қиылысында орналасқан базарда бірнеше контейнердің өртенуі туралы ақпарат таңғы сағат 6:53-те түскен.

Жол-патрульдік полициясының экипаждары оқиға орнын қоршауға алып, өрт сөндіру техникасының кедергісіз жетуін қамтамасыз етті. Алматы қалалық ІІД ЖБО кезекшісінің мәліметіне сүйенсек, өрт сағат 7:40-та толықтай сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептері анықталу үстінде.

Хабарламаларға жазылу