Илья Ильин Әлем чемпионатына неге бармайды? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Илья Ильин Әлем чемпионатына неге бармайды?

23.10.2015
Илья Ильин Әлем чемпионатына неге бармайды?

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы 20-28 қараша аралығында АҚШ-та өтетін ауыр атлетикадан Әлем чемпионатының күнтізбесін жариялады. Әлем біріншілігі ерлер арасында - 82, ал әйелдер арасында – 25-ші рет ұйымдастырылуда.

Хьюстондағы Әлем біріншілігінде ерлер – 8, әйелдер 7 медаль жиынтығын сарапқа салады. Мұндай айтулы додада ел намысы сынға түсіп жатқанда неліктен Илья Ильин жарыстан тыс қалып отыр?

Бұған дейін ол төрт дүркін Әлем чемпионы атанған еді. Екі рет олимпиада шыңын бағындырды.

Дәл қазір Илья таңнан кешке дейін жаттығу залында. Ал, бапкерлері Илья Ильиннің Әлем чемпионатына қатыспауын былайша түсіндірді:

«Бірінші мәселе – денсаулық. Өйткені оның көтеріп жатқан салмақтары, дайындығы, жоспары  - өте күрделі.  Әлем біріншілігі Алматыда өткендіктен, шығардық. Себебі өз жерімізде ұйымдастырылды. Бір жағынан халық көруі керек. Сондықтан Алматыда шығып, Хьюстонда өтетін Әлем біріншілігін жіберіп, одан кейін тікелей Риоға дайындалған жөн деп санадық», - деді ауыр атлетикадан ҚР Ұлттық құрамасының аға бапкері Ержас Болтаев.

Ал,  Илья Ильиннің пікірі қандай? «Таңшолпаннан» тыңдаңыз.

Хабарламаларға жазылу