Білім және ғылым министрлігі «Үздік ресурстық орталық» республикалық байқауын өткізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Білім және ғылым министрлігі «Үздік ресурстық орталық» республикалық байқауын өткізеді

22.10.2015
Білім және ғылым министрлігі «Үздік ресурстық орталық» республикалық байқауын өткізеді

Республикамыздың орта білім саласының ерекшелігі шағын жинақты мектептер санының көптігі, олар  мемлекеттік мектептердің 45 пайызын құрайды, ауылдық аймақтарда  98 пайыз.

Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шағын жинақты мектептерде сапалы білім беруді іске асырудағы жаңа тәсіл «Үздік ресурстық орталық» мектебін құру болып табылады. Бүгінгі күнге өңірлерде осындай 160 орталық қызмет етуде.

Конкурстың негізгі мақсаты – ресурстық орталық қызметтерін ұйымдастырудағы үздік тәжірибені анықтау, жинақтау және тарату. Ресурстық орталық қызметі басқарудың инновациялық тәсілдері қолдану және әдістемелік және оқу-тәрбиеде жаңа педагогикалық идеяларды іздеу болып табылады. 

Конкурсқа облыс деңгейіндегі «Үздік ресурстық орталық» конкурсының женімпаздары қатысады.

Конкурстың қорытындысы бойынша номинанттар мен жеңімпаздары Қазақстан Республикасының Білім және ғылым  министрлігінің және Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының грамоталары мен дипломдарымен марапатталады, деп хабарлайды Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

 

Хабарламаларға жазылу