Астана қаласы ӘПБ қызметкерлері көлігіңіздің түтіні ауаны қаншалықты ластайтынын тексереді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана қаласы ӘПБ қызметкерлері көлігіңіздің түтіні ауаны қаншалықты ластайтынын тексереді

20.10.2015
Астана қаласы ӘПБ қызметкерлері көлігіңіздің түтіні ауаны қаншалықты ластайтынын тексереді

Жыл сайын Астана қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері көлік пайдалану ережелерін бұзған жүргізушілерді анықтау бойынша арнайы іс-шаралар өткізеді. Автокөлікті уақытылы жөндемеу – қаладағы экологиялық жағдайдың нашарлауына әкелуі мүмкін. Астанаға күнделікті шамамен 6 000 жуық көлік қатынайды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Осыған орай, Астана қаласы ӘПБ қызметкерлері елорданың орталық көшелерінде көліктердің түтін шығаратын құбырларын тексеру шараларын өткізді.

«Жыл басынан бері Астана қаласының Әкімшілік полициясы көлік пайдалану ережесін бұзып, салдарынан ауаға зиянды газдардың таралуына жол берген 13 мыңнан астам көлік иесін жауапкершілікке тартты. Жалпы сомасы шамамен 38 миллионға тең әкімшілік протокол жасалды. Бензинмен жүретін көлік құбырынан 8 пайыздық мөлшерден артық зиянды газдар шығарылған жағдайда және газ немесе дизельмен жүретін көліктерден 10 пайыздық мөлшерден артық зиянды газ шығарылған жағдайды көлік иесіне 5-10 АЕК көлемінде айыппұл салынады»,- дейді жол-техникалық инспекция бөлімінің аға инспекторы Берік Жолдасбеков.

Айта кету керек, Астана қаласы ІІД ӘПБ мекемелер мен құрылыс компаниялары тарапынан жолдардың ластануына жол бермеу бойынша да бірқатар шаралар атқаруда. Жыл басынан бері жол бөлігінің ластаған 150 компания әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Хабарламаларға жазылу