«Қаллеки» театры халықаралық фестивальға баратын болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қаллеки» театры халықаралық фестивальға баратын болды

19.10.2015
«Қаллеки» театры халықаралық фестивальға баратын болды

Аталмыш фестивальда театр ұжымы автордың «Нашақор новелласы» атты шығарма желісі бойынша сахналанған режиссер Нұрлан Жұманиязовтың «Көлеңкесіз жолаушы» қойылымын сахналайды.

«Көлеңкесіз жолаушы» драмасының премьерасы  2014 жылдың 10-11 желтоқсаны аралығында өтті.

Оның сценариі бойынша, қарапайым  отбасының  жалғыз  ұлы  Жалғас  нашақорлыққа  тап болады. Яғни қойылымда қоғамымызды құрт ауруындай жайлап келе жатқан нашақорлық деген дерттен қалай құтыламыз, бүкіл адамзат баласына төніп тұрған қауіптен ұлтымыздың болашағы жас ұрпақты қалай аман алып қаламыз, деген мәселелер көрініс табады.

Спектакльдің  бас кейіпкерлерін  – ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері – Ақыш Омар,  Кеңесбай  Нұрланов,  Боранбай  Молдабаев, Майра Омар, Айнұр Бермұхамбетова,  Ержан Нұрымбет, Сая Тоқманғалиева, Жасұлан Ерболат,  Ақарыс Әшімхан, Алтынгүл  Серкебаевалар сомдайды, деп хабарлайды Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық музыкалық драма театры.

 

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу