Латвия Ресейден келетін заңсыз мигранттарды өткізбеу үшін қабырға тұрғызбақшы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Латвия Ресейден келетін заңсыз мигранттарды өткізбеу үшін қабырға тұрғызбақшы

19.10.2015
Латвия Ресейден келетін заңсыз мигранттарды өткізбеу үшін қабырға тұрғызбақшы

Ресей-Латвия шекарасының белгілі бір бөліктерінде қабырға тұрғызыллады, деп мәлімдеді BNS агенттігіне Латвияның Ішкі істер министрі Рихард Козловскис. 

Оның сөзінше, жаңа салынатын шекаралық құрылыс алаңы 90 км болады.   

«Бұл Ресей мен Латвия арасында «Қытай қорғанын» орнату үшін емес, заңсыз мигранттардың қатарын сейліту үшін қажет»,-деді Рихард Козловскис.

Сондай-ақ ол сөзінде өткен аптада 10 заңсыз вьетнамдықтың ұсталғандығын айтты. Олар ішкі істер органдарының мәліметтерінше, Латвияға Ресейден келген. Шекараны құрылыспен қамтамасыз ету кезінде бейнекамералар мен сенсорлы жүйелер де қойылады деп жоспарлануда.    
 
Биылғы жылы Латвия бұл бағыттағы жұмыстарға жарты миллион еуро жұмсамақ. Келесі жылы 3 млн-нан астам еуро шығындалады.
 
Ресей мен Латвия арасындағы шекара ұзындығы бүгінде 270 км-ді құрайды.
 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу