Турнирге АҚШ пен Ресей, Оңтүстік Корея, Жапония, Бразилия мен Камерун, сондай-ақ, қазақ елінің спортшылары қатысты. Ел намысын «Алаш Прайд» кәсіпқой спорт клубының спортшылары қорғады.
Осы жекпе-жекте Арман Оспанов Расул Мирзоевпен жұдырықтасу керек еді. Бірақ, ол турнирге 5 күн қалғанда жекпе-жекке шықпайтынын мәлімдеген.
Ұйымдастырушылар Расул Мирзоевтың орнын америкалық Жое Эльмормен алмастырды.
Кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық спортшы Арман Оспанов АҚШ-тан келген қарсыласы Жое Эльморді 2-раундта нокаутпен жеңді.