Байқауға Бас прокуратура, Жоғарғы Сот, Мемлекеттік күзет қызметі, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Қорғаныс министрлігінің командалары қатысады.
Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу аясында ұйымдастырылып отырған бұл байқаудың негізгі мақсаты – халықтың бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайту, сонымен қатар құқық қорғау және басқа да әскери ұйымдардың қызметшілері арасында мемлекеттік тіл саясатын насихаттау болып табылады.
Шара 20 қазан күні сағат 16:00-де басталады.
Тіркеу 7172225@prokuror.kz электрондық мекен-жайы арқылы жүргізіледі, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.