Бүгін «Таңшолпан» бағдарламасында әнші Серік Ибрагимов қонақта болып, шығармашылығындағы жаңалықтарымен бөлісті. Хабар барысында «Кел маған» әніне түсірілген бейнебаянының тұсауы кесілді.
«Бұл әннің жазылғанына 3 жылдан асты. Сөзін – Төреғали Төрәлі және Қайнар Алагөзов жазған. Әні өзімнің жүрегімнен шыққан дүние», - дейді Серік Ибрагимов.
Сондай-ақ, әнші неліктен лирикалық бағытқа бет бұрғанын түсіндірді.
«Продюсерім Алтынбек Рахметовтың идеясымен лирикалық бағыт ұстандық. Бұл - басқа қырымнан таныту үшін жасалған жоба. Көңілді әндер әлі де жалғасын табады», - дейді ол.
Серік Ибрагимовтің сұхбатын «Таңшолпаннан» тыңдай аласыздар.