«Таңшолпанда» әнші Индира Елеместің «Адаспа» әніне түсірілген бейнебаянының тұсауы кесілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпанда» әнші Индира Елеместің «Адаспа» әніне түсірілген бейнебаянының тұсауы кесілді

04.05.2015
«Таңшолпанда» әнші Индира Елеместің «Адаспа» әніне түсірілген бейнебаянының тұсауы кесілді

Бүгін «Таңшолпан» эфирінде әнші Индира Елеместің «Адаспа» әніне түсірілген бейнебаянының тұсауы кесілді. Осыған орай әнші Мөлдір Әуелбекова мен шәкірті Индира Елемес бүгін таңғы бағдарламада қонақта болды.

«Индира – өнерге жаңа қадам басып келе жатқан әншілердің бірі. Бейнебаян Дубай қаласында түсірілді. Әннің сөзі – Ризат Зайытовтікі, әні – Денис Беляевтікі. Көрермен бағасын бере жатар. Біз алдағы уақытта әлі де тың дүниелер жасауға тырысатын боламыз»,-дейді Мөлдір Әуелбекова.

«Жобаның сәтті, сәтсіз шығуы – өнер адамының талантына байланысты. Одан кейін екіжақтап жасалған еңбекке байланысты. Егер композиторлар жақсы ән, ақындар жақсы сөз ұсынып жатса, бойында дарыны бар өнерпазды  халықтың алдына алып шығуға болады».

«Алғашқыда Индирадан өз бойымдағы ұқсастықты байқадым. Индира сынды дұрыс қабылдай біледі.  Сынды қабылдай алмайтын адам ешқашан өспейді. Ол сол келген жерінде тұрып қалады. Екеуміздің ұқсастығымыз осында»,-дейді Мөлдір Әуелбекова.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу