Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Мәдениет және спорт вице-министрі Ғалым Ахмедьяров мәлім етті.
«Мемлекеттік Эрмитаж және Ұлттық музей арасындағы ынтымақтастық туралы бірлескен келісім аясында біздің елімізде алғаш рет «Эрмитаж күндері» өтеді. Бұл оқиға Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне арналып отыр», - деді ол.
Эрмитаж күндері бағдарламасында дәрістер оқу, шеберлік-сыныптары өткізу, музей саласында ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қою секілді бірқатар шаралар бар.