Г.Головкин-Д.Лемье жекпе-жегінің төрешілері белгілі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Г.Головкин-Д.Лемье жекпе-жегінің төрешілері белгілі болды

13.10.2015
Г.Головкин-Д.Лемье жекпе-жегінің төрешілері белгілі болды

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен (33-0, 30 КО) канадалық Давид Лемье (34-2, 31 КО) арасында WBA(Super)/WBC (Interium)/IBF/IBO титулы үшін өтетін жекпе-жектің төрешілері мен инспекторлары белгілі болды.

Шаршы алаңда Стив Уиллис, ринг жанында Гленн Фелдман, Стив Вайсфельд және Джули Ледерман төрелік етеді.

WBA, IBO және IBF инспекторлары  Гилберто Хесус Мендоса, Эд Левайн мен Дэррил Пиплз болмақ.

Еске сала кетейік, 17 қазанда  (Астана уақытымен 18 қазан) Нью-Йоркте «Madisson Square Garden» аренасында өтетін жекпе-жекті «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. 

Хабарламаларға жазылу