Сочи қаласында өткен халықаралық «Новая волна - 2015» байқауында еліміздің намысын қорғаған Әдемі екінші орынды иеленді. Үш күндік сынақтан тұратын сайыста жас әнші өзін жан-жақты көрсете білді.
Бірінші күні «Show must go on» әнін орындаса, екінші күні әнші Ирина Дубцовамен бірлесе, ең жоғары ұпайды иеленді.
Ал, шешуші соңғы күні Батырхан Шүкеновтің құрметіне жазылған «Соңғы көктем» әнімен өзін жоғары деңгейде танытты.
Ерекше лирикалық мақамы бар, ән әлеміне өзіндік мақамымен келген Әдемінің шын есімі – Динара Қайырова. Алматыда туып өскен өнерпаздың қоржынында бірнеше жүлделер де бар.
Сондай-ақ, «Новая волна - 2015» байқауына Қазақстан атынан «Voice KZ» тобы да қатысты. Олар 271 ұпаймен көрермен көзайымына айналды.
Толығырақ «Таңшолпаннан» біле аласыздар.