Interbrand компаниясы жоғары технологиялар саласында қызмет етіп келе жатқан ең ықпалды брэндтердің тізімін жасады.
Бұл тізімді міне, үшінші жыл қатарынан Apple и Google бастап келеді. Бұл туралы мәліметтер Best Global Brands компаниясының 2015 жылғы есебінде жария етілді.
Айта кететін мәселе, аталған екі компанияның консалингтік бағалары тиісінше, 43-12 пайызға өсті. Сарапшылар Apple компаниясының консалтингтік құнын 170 млрд долларға, Google компаниясынікін 120 млрд долларға бағалап отыр.
Олардың соңынан Coca-Cola, Microsoft және IBM ілесіп келеді. Олар өткен жылғы көрсеткіштерін биылғы жылы да қайталады.
Сонымен қатар, әлемдік брэндтердің ондығына General Electric, Toyota, McDonald’s та ілінді, ондықтың соңында Amazon интернет-дүкені тұр.
Айта кететін мәселе, 2015 жылы 100 үздіктің қатарына алғаш рет PayPal мен Lenovo компаниялары кіріп, олар тиісінше 97-ші және 100-ні орындарға орналасты.
Nokia мен Nintendo керісінше, бұл тізімге биыл іліге алмады, деп хабарлайды korrespondent.net.