Сондай-ақ, тамаққа деген құштарлықтың адам мінезіне әсері, көп күлудің өмір сүру ұзақтығын арттыратыны жайлы да ғылыми еңбектерде аз айтылып жүрген жоқ.
Жақында ғалымдар қалың көпшілікті осы сияқты тағы бір қызықты жаңалықтан хабардар етті. Ғалымдардың пайымдауларынша, адамның даусы оның бойының ұзындығымен байланысты екен.
АҚШ ғалымдар осыған көз жеткізу үшін арнайы зерттеулер жүргізген. Нәтижесінде олар адамның даусы арқылы оны көрмей тұрып, бойының ұзындығын анықтауға болатындығына көз жеткізген.
Ғалымдар зерттеуге қатысу үшін бір топ еріктілерді жинап, өздері танымайтын адамдардың дауыстарын естіртеді. Дауыстарын естіген соң олар сол адамның бойының ұзындығын қандай болуы мүмкіндігін анықтаулары қажет болатын. Нәтижесінде Зерттеуге қатысушылардың 62 пайызы өздері тыңдаған дауыс иелерінің бойының ұзындығын тура тапқан.
Зертеушілер адаммен жарты минут тілдескен соң-ақ оның бойының ұзындығын білуге болатындығын айтады. Ең қызығы, бұл тәжірибені арнайы қызметтер мен ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз етуші органдар бұрыннан пайдаланатын көрінеді.