Дәрігерлер: Гаджет адамның сыртқы келбетіне де әсер етеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дәрігерлер: Гаджет адамның сыртқы келбетіне де әсер етеді

20.12.2015
 Дәрігерлер: Гаджет адамның сыртқы келбетіне де әсер етеді

Дәрігерлер жаңа техникалар адамның сыртқы келбеті мен денсаулығына кері әсер ететінін айтады.

Ноутбук немесе смартфон қолданатындардың  бұлшық еті мен мойын терісіне  салмақ түседі.  Соның салдарынан белі ауырып, желкесі қарысып қалады. Сондай-ақ, жұқа әрі нәзік тері коллаген жоғалтып, әжім пайда болады.

Дерматолог Джоэль Шлессингер  мойынға көлденең түскен әжімдердің алдын алу үшін пептидті жақпамай қолдануға кеңес береді.  Ал, мойын бұлшық етін қатайту үшін жаттығу жасау – одан сайын зиян келтіреді.

Дәрігер Шлессингердің айтуынша, артық күш жұмсаудың салдарынан (бұлшық ет, мойын)  беттің сопақша пішіні өзгеріске ұшырауы  мүмкін.

30 жасқа  толмаған қыз-келіншектердің көбісінің көз айналасында әжімдер пайда болады. Бұл да смаротфонның әсерінен. Себебі адам гаджет экранынан көз алмай  үңіліп, сығырайып отырады.

Америкалық  дерматолог Пол Франк  смартфондағы қаріп көлемі мен жарық деңгейін қадағалап отыру қажет екенін айтады. Сонымен қатар, мамандар көз айналасындағы нәзік теріге күн сайын күтім жасау керек дейді.

Үнемі смартфон қолданатын адамдардың бетіне безеу көп шығады екен. Себебі  күні бойы пайдаланатын бұл гаджет ең лас зат болып есептеледі.

Адамдар телефондарын кір қолдарымен ұстайды. Сондай-ақ, зиянды  бактериялар шоғырланған  қалта немесе сөмкеде  жатады.  Смартфон иесі телефонын қолданып жатқанда микробтар теріге өтеді де, түрлі ауру  пайда болады.

Мұндай мәселе туындамауы үшін үнемі экранды бактерияға қарсы шүберекпен сүрту қажет.

 

 

Интернет материалдары бойынша әзірленді 

ФОТО: mif-facts.com.

 

Хабарламаларға жазылу