«Сенбілік кездесуде» - Исраил Сапарбай - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сенбілік кездесуде» - Исраил Сапарбай

03.10.2015
«Сенбілік кездесуде» - Исраил Сапарбай

Шымкент педогогикалық институтының филология факултетін бітірген соң ол бірнеше жыл облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жұмыс істеген. 1976 – 83 жылдары Қазақстан Жазушылар одағының Шымкент облысаралық бөлімшесінде әдеби кеңесші қызметін атқарып, 1983 жылдары «Жалын» баспасына аға редакторлыққа ауысқан.

1984 – 85 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде поэзия бөлімінің меңгерушісі, 1985 – 92 жылдары «Жазушы» баспасында поэзия бөлімінің меңгерушісі, «Қазақфильм» телестудиясы бас редакторының орынбасары болған.

Республикалық «Жалын» бәйгесінің жүлдегері. 70-ке тарта әндер мен 150-ге тарта ән мәтіндерінің авторы. Исраил Сапарбайдың «Ауылдан келген ару», «Әмір-Темір», «Абай-Тоғжан», «Сыған серенадасы», «Махаббат мейрамы» пьесалары театр сахнасында қойылып жүр. Түркі поэзиясы Халықараралық фестивалінің, Қазақстан Жазушылар одағының, І.Жансүгіров атындағы сыйлықтың, Тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының лауреаты, ақын Исраил Сапарбаймен өткен «Сенбілік кездесуді» бүгін сағат 21:00-де көріңіз.

Хабарламаларға жазылу