Қыркүйек айында меридионалды синоптикалық процестер басым болғандықтан, республикамызда ауа температурасы тұрақсыз болды. Бұл үшінші онкүндікте ерекше бақыланды.
Еліміздің батыс бөлігінде температура аномалиясы нормадан 4-7º жоғары болды. Ал, шығыс бөлігінде 4-7º төмен болды. Қазан айының басында меридионалды процестер болмайды.
Өткен тәуліктерде Қазақстанның көптеген облыстарында температураның аномалиясы нормадан 1-3º жоғары болды.
Алдағы үш тәулікте Ресейдің Еуропа аумағынан ауысатын атмосфералық ағымдардың ықпалынан республикамызда жаңбыр жауады, деп болжануда. Солтүстік облыстарда жаңбыр соңы қарға ұласуы мүмкін.
Батыс желі 15-22 м/с-қа дейін күшейіп, температура төмендеуі ықтимал, деп хабарлайды «Қазгидромет».